Ақтаулық полицей пышақ жарақатынан көз жұмды

Ақтаулық полицей пышақ жарақатынан көз жұмды

Ақтаулық полицей пышақ жарақатынан көз жұмды
ашық дереккөзі
Тамыздың 3-іне қараған түні Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап кетті. Ол ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облысының Полиция департаменті марқұмның шынымен де полицей екенін растады.
«3 тамыз күні сағат 03:50-де кезекші бөлімге 26 жастағы ер адамның пышақ жарақатымен ауруханаға түскені хабарланған. Жедел жәрдем каретасы оны 17-шағынаудандағы үйлердің бірінің ауласынан алып кеткен. Жәбірленуші мойнынан жараланған екен. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылғанымен, есін жимастан қайтыс болды», - деп хабарлады полиция.
Марқұм еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері екені анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Кісі өлтіруге не себеп болғаны айтылмады. Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Ақтау Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.