Шымкентте 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
ашық дереккөзі
2 жастағы бала қалалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында «Тұран» шағынауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған.

«Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды. Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың терезеден құлау жағдайы 4-ші рет тіркеліп отыр. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған», - делінген хабарламада.