Мектептердің 76 пайызы интернетпен қамтылған

Қазақстан мектептерінің 76 пайызы интернетпен қамтылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

«Мектептерді Дүниежүзілік ғаламтор желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мектептердің 76% құрайды. 2001 жылы 1 компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1:11 құрайды. Мектептерде «Онлайн оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, республикада әр төртінші оқушы қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі, балаларды қамту 389 мың балаға ұлғайды және 673 мың адамнан асады.

 

Back to top button