50329
Атырауда жас жігіт суға батып кетті
Атырауда жас жігіт суға батып кетті

Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай селосындағы Бақсай каналына барған жас жігіт суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«2 тамыз сағат 15:05 кезінде Бақсай каналына суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылған 1996 жылы дүниеге келген азаматтың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына Атырау қаласынан Атырау облысы ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы шықты. Сағат 19:10-да жергілікті тұрғындардың күшімен марқұмның денесі табылып, судан шығарылды», - делінген хабарламада.Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 сүңгуір-құтқарушысы және 1 бірлік үрмелі қайық, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен жергілікті тұрғындар (2 адам) жұмылдырылды.