Доллар бағамы соңғы 6 айдағы рекордтық дейгейге құлдырады

Ұлттық валюта күннен-күнге нығайып келеді. KASE таңертеңгілік саудасының нәтижесінде теңге бағамы нығайып, долларына 328,18 теңге болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Доллардың орташа сараланған бағамы бұған дейін 332,09 теңге болған. Бүгінгі таңертеңгілік сауда нәтижесінде ұлттық валютаның құны 3,91 теңгеге өсті. Осылайша теңге бағамы жарты жыл ішінде рекордтық деңгейге көтерілді. 13 мамыр күні теңге долларына 327 теңге болған еді.

Сауда көлемі 190 600 мың доллар болды.

Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша долларды айырбас нүктелерінде ең қымбаты 333,5 теңгеге сатуда және 327 теңгеге сатып алуда.

Back to top button