Оралда екі автобус соқтығысты

Оралда екі автобус соқтығысты

Оралда екі автобус соқтығысты
ашық дереккөзі
Орал қаласында екі автобустың қатысуымен жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 10.30-да болды. Қалада 39-бағытта жүретін ПАЗ автобусының жүргізушісі Дәулеткерей көшесімен келе жатып, басты көше - Мұхитқа шығарда жол бермей, 30Д бағытында жүретін автобуспен соқтығысқан. Салдарынан автобустың бірі бүйіріне аударылып, жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтаған Toyota Camry көлігін басып қалды. Жолаушылардың айтуынша, аударылған автобуста болғандар терезеден сыртқа шыққан. Жарақат алғандар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.