50239
Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара бермек болған (ВИДЕО)
Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара бермек болған (ВИДЕО)
Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған деп хабарлады turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруымен ВАЗ 2115 маркалы автокөлікті тоқтатқан.
«Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған. 27 жастағы жүргізуші оның іс-әрекетінің заңсыздығы туралы ескертуге қарамастан, патрульдік көліктің салонына ақшаны қалдырған, содан кейін ұсталған. Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеттері полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған. ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп жазылған хабарламада.
Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.