«Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.
Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды
Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
Олардың екеуін Достық шағынауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ұстады. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді.
«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға түсірді.