50275
Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырғандар көбейіп кетті
Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырғандар көбейіп кетті

Оңтүстік Кореяда соңғы үш айда COVID-19 жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты деп хабарлады turkystan.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте елде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 100 285 адам тіркеліп, 25 адам қайтыс болған.
Бұл - 20 сәуірден бері COVID-19 жұқтырғандардың ең жоғары саны. Ол кезде күніне 111 291 жаңа дерек тіркеліп отырған еді.
Айта кетсек, елдегі денсаулық сақтау органдары COVID-19 жаңа жағдайларының саны әлі де көбейеді деп болжап отыр.