Қостанай облысында астық қоймасы өртеніп кетті

Қостанай облысында астық қоймасы өртеніп кетті

Қостанай облысында астық қоймасы өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Ресми мәлімет бойынша, бұл оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. Төтенше жағдай қызметіне Тобыл кентіндегі элеватордың аумағында өрт шыққаны жайлы хабарлама таңғы алты шамасында түскен. Отты өшіруге 5 техника мен 23 адам жұмылдырылды. Арада сегіз сағат өткенде өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан аумағы 2 400 шаршы метр болатын екі қойма толық жанып кетті. Осында сақталған 1 040 тонна зығыр да күлге айналды. Сонымен қатар кептіру-тиеу мұнарасын да от шалған. Жалпы шығын көлемі әлі белгісіз. Ең бастысы, адамдар аман. Алдын ала болжам бойынша, от электр сымының қысқа тұйықталуынан тұтанған.