Такси жүргізушісі шетел азаматынан 45 мың теңге алған

Такси жүргізушісі шетел азаматынан 45 мың теңге алған

Такси жүргізушісі шетел азаматынан 45 мың теңге алған
ашық дереккөзі
Полиция қонақүйге жеткізгені үшін Италиядан келген әйелден 45 мың теңге алған алматылық такси жүргізушісінің кім екенін анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Көліктегі Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, қала тұрғынынан өтініш түскен. Тұрғын шетел азаматын аса қымбат бағаға апарған жүргізушіге шара қолдану керегін айтқан. Содан кейін жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жеке такси жүргізушісінің кім екені анықталды.
«Ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақүйге дейін тым жоғары баға айтып, шетелдік азаматшаны жаңылыстырған. Құқық бұзушыға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша шара қолданылды», – дейді Мадияр Айтуғанов.