Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді

Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді

Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда министрі Бақыт Сұлтанов еліміздегі қант тапшылығына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
 «Қант жоқ-жоқ деп айта беруге болмайды. Жоқ деп айтқаннан, халықта сөз бар ғой, халва-халва деген сайын аузыңда тәтті болмайды. Қант жоқ деп айта берсек, халық бұған сеніп, дүбелеңге басады. Мен екі апта бұрын ірі желіге барып қант сатып алдым. Онда бағасы 470 тг болған. Қазір ақпарат бойынша қант бағасы - 480 теңге. Бәрін көріп, біліп отырмын. Мен өзім шәй ішкенде қант қолданбаймын, бал қосып ішемін», - деді Сұлтанов орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол ет бағасының өсуіне де еш негіз жоқ екенін атап өтті.
«Дегенмен, делдалдар туралы айтып кеткеніміз жөн. Өйткені бүгінгі күні тауар өндіруші фермерлерден еттің бағасы орташа есептегенде 900 теңгеден алынады. Ал нарыққа жеткенше монополиялар басқа делдалдар арқылы баға өсіп отыр. Бұл жағынан, министрлік тиісті жұмысты істеп жатырмыз. Нарық иелеріне жауапкершілік арттыру жағынан заңнамалық өзгерістерді енгізіп отырмыз. Және де жергіліктіі органдармен бірлесіп, кішігірім сауда-дүкендерінде бақылау жүргізілуде», - деді Бақыт Сұлтанов.
Айта кетсек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант бағасы күзге қарай түседі деген болжам айтқан еді. Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған еді.