Күзге қарай қант бағасы арзандауы мүмкін – министр

Күзге қарай қант бағасы арзандауы мүмкін – министр

Күзге қарай қант бағасы арзандауы мүмкін – министр
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант бағасы күзге қарай түседі деген болжам айтты деп хабарлады turkystan.kz.  
 «Ресей Федерациясының болжамынша, қыркүйек айынан бастап қант экспорты ашылады. Өйткені биыл қызылша шығымы да қажетті деңгейде болады деген болжам бар. Сондықтан шілде, тамыз айларында қант бағасы жоғары болатын шығар. Одан кейін біртіндеп баға түсіп, нарықтағы ахуал қалыпқа түседі деп ойлаймын», – деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, бұл болжам орындалуы үшін жергілікті әкімдіктер нарықты сауатты реттей алуы қажет.
«Қазіргі ұзын-сонар кезек пен дүрбелеңнің бәрі арзан қанттың айналасында туындап отыр. Тіпті, қыркүйек айында да қантты сырттан әкеліп, азғантай бөлігін өзіндік құнынан төмен бағамен сатуды жалғастырсақ мәселе шешімін таппайды. Сондықтан қантты өзіндік құнынан арзанға сатып, дүрбелең туғызуды тоқтатқан кезде мәселе шешімін табады», –  деді министр.