50530
Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтеді
Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

4-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Төрт күнге жалғасатын құрлықтық додада татами шеберлері жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілетін жарысқа Азияның 30 елінен 400-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарлануда.