50265
Шымкентте 71 жастағы қария баспанасымен қоса өртеніп кетті
Шымкентте 71 жастағы қария баспанасымен қоса өртеніп кетті

71 жастағы тұрғын отқа оранған үйінен шыға алмай қалған деп хабарлады turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 25 шілдеде, түнгі сағат 00:15 шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры жанып кеткен.
Сондай-ақ 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен дүние-мүлік те отқа оранған.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.
«Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-те оқшауланып, сағат 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – делінген Түркістан облысы ТЖД хабарламасында.