Тоқаев Сауд Арабиясы королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Тоқаев Сауд Арабиясы королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Тоқаев Сауд Арабиясы королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады деп хабарлады turkystan.kz. Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен 23 шілдеде Джидда қаласына ресми сапармен барды. Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері келіссөз жүргізді