50306
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды

20 шілдеден бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бірінші күні тестілеуді 4 612 адам тапсырған. Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады. Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.
«Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі» деп ескертеді тестілеу орталығы.