Ақтөбеде қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшты

Ақтөбеде қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшты

Ақтөбеде қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшты
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысан мен үйдің шатыры ұшты. Оқиға 19 шілдеде болған деп хабарлады turkystan.kz. 
«Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің де шатыры зақымданды. Онда 50 шаршы метрі ұшып кетті. Сонымен бірге жеке үйдің шатыры бүлінді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір ұшқан жабындылар қалпына келтіріліп жатыр, ешкім зардап шекпеді.