Шымкент қаласының полицейлері әлеуметтік желіде видеосы тараған «прокурордың әйелі» кім екенін анықтады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоққы жасады» деген ақпарат тарады. Осы ақпарат бойынша 19 шілдеде Шымкент Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына «Күзет» қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізген белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.
«Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол – 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын Д.-ға тұрмысқа шыққан, ал ол прокуратура қызметкері емес. Қазір әйел ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды», - деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.Полицейлер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды. Тағы оқи отырыңыз: «Прокурордың әйелімін»: желіде шулы видео тарады