50350
Алматы - Өскемен тас жолында есірткі тасымалдаушы ұсталды
Алматы - Өскемен тас жолында есірткі тасымалдаушы ұсталды

17 шілде күні Алматы - Өскемен тас жолында полиция қызметкерлері Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған Daewoo Lacetti көлігін тоқтатты деп жазды turkystan.kz.
Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында синтетикалық есірткіге жататын төрт полиэтилен пакетке салынған 2 кг мефедронды тапты.
«Қазіргі таңда көліктің 24 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мухамедов.