Абай күніне орай Семейде форум өтеді

Абай күніне орай Семейде форум өтеді

Абай күніне орай Семейде форум өтеді
ашық дереккөзі
Семей қаласында Абай күніне орай Жерлестер форумы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жергілікті кәсіпкерлер қауымымен кездесті. Ол Семейден шыққан кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесіп тұру идеясын айтты.
«10 тамызда Абайдың туған күнін атап өтеміз. Бұл ұлы ақынның атымен аталатын облыстың құрылғаннан кейін хакімге көрсететін алғашқы құрметі болмақ. Сондықтан бұл мереке есте қаларлықтай өткенін қалаймыз. Осы ретте, Семей өңірінің тумаларының басы қосылатын Жерлестер форумын өткізуді ұсынамыз», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Аймақ басшысы онда түрлі салада жетістіктерге жеткен, туған қаласына деген сүйіспеншілігі мен жаңа өңірдің дамуына атсалысуға ниеті бар ірі бизнес өкілдері шақырылатынын жеткізді. Қазір кездесуге қатысушылардың тізімі жасалып жатыр. Кәсіпкерлер шақырылатын адамдарды өздері ұсына алады.