Нан бағасы қымбаттайды – сарапшылар (ВИДЕО)

Нан бағасы қымбаттайды – сарапшылар (ВИДЕО)

Нан бағасы қымбаттайды – сарапшылар (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сарапшылар нан бағасы қымбаттап, 250 теңге, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап. Бұған себеп ұнның қымбаттауы. Негізі, жаздан бері баға үш пайызға өскен. Диірменшілер мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің көп келе бастағанына алаңдай бастады. «Нан 250 теңгеден де қымбат болады. Осының бәрі утильалымның, Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы сауда саясатын ажырату, мүдделер қайшылығы мәселесінің шешілмеуінен болып отыр. Осыдан кейін өнім бағасына алыпсатарлық әсер етеді», – деді экономист Айман Тұрсынқан. Ал диірменшілер мен астық өңдеушілер ұн бағасының қымбаттауын шектен тыс экспортпен байланыстырады. Шетелдіктер дайын өнімді емес, шикізатты сатып алып, өз елінде өңдеп жатыр. Ұн тарту кәсіпорнының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев Қазақстандағы 2 300 ұн тартатын кәсіпорынның 174-і ғана қалғанын айтады. https://www.youtube.com/watch?v=SHvandv_0-I&ab_channel=AtamekenBusinessNews%2F%D0%90%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%91%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B5%D1%81%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8