178
БҰҰ Сириядағы әскери қылмыспен айналысатын штаб құруда
БҰҰ Сириядағы әскери қылмыспен айналысатын штаб құруда
БҰҰ Бас Ассамблеясы Сириядағы халықаралық құқықтың бұзылуы, әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы жасалған қылмысты құжаттауда көмек беретін арнайы штабты құру үшін дауыс берді.
Резолюция үшін 105 мемлекет – Ассамблея мүшелері дауыс берген. 15 ел резолюцияға қарсы шыққан. Олардың арасында Ресей, Сирия, Иран, Қытай, Куба мен Венесуэла бар. Ал 52 елдің өкілі дауыс беруден бас тартты.
БҰҰ қарамағындағы орган адам құқығының, мемлекеттік гуманитарлық құқықтың бұзылуы туралы ақпартатты жинақтап, хабарлап, сақтап, талдаумен айналысатын болады. Айта кетейік, резолюцияның авторы ретінде Лихтинштейн мен Катардың өкілдері шығып, осындай органды құру туралы ұсыныс жасаған.