Канаданың қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі сәрсенбідегі жағдай бойынша елде маймыл шешегін 477 адам жұқтырды деп хабарлады turkystan.kz. Маймыл шешегі бойынша төтенше жағдай комитетінің мәліметінше, Канаданың Квебек провинциясында - 284, Онтариода - 156, Британдық Колумбияда - 29 және Альбертте маймыл шешегін жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген. Жергілікті билік сынақ нәтижелерінің оң қорытындысын әлі де алып жатқанын хабарлады. Айта кетсек, ұлттық микробиология зертханасы маймыл ауруын тудыратын вирусқа диагностикалық сынақ жүргізіп жатыр.
Жүктелуде...