Асыл АХМЕТОВА: Мың балаға жылқы тізгіндеуді үйреттім

Асыл АХМЕТОВА: Мың балаға жылқы тізгіндеуді үйреттім

Асыл АХМЕТОВА: Мың балаға жылқы тізгіндеуді үйреттім
ашық дереккөзі
705
– Өзім ауылда туып-өстім, жылқыны ерек­ше жақсы көремін. Әкем жылқышы, сол себепті атқа деген қызығушылығым бала күнімнен басталды. Қазір ауылдың шынайы тұр­мысы мен боямасыз болмысын, атқа міну дәстүрін әлеу­меттік желіде кеңінен наси­хаттап жүр­мін. «AMANAT» партиясы «Жас­тар рухы» жас­тар қанатында ұлттық құн­ды­лық­тары­мыз бен ауыл жастарының әлеуе­тін көтеру жөнінде ой қозғадым. Алғашқы ұсынысым, түркі әлемінің генезисі атқа міну мәдениетін жаппай насихаттау. 2014 жылы Түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш ететін, көшпенділер мұрасын насихаттайтын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қолға алынды. 40-қа жуық спорт түрінің ішінде ат спортына басымдық беретін жоба биыл Түркия елінде өткізілмек. Осы тұста, 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қазақ даласында ұйымдас­тыруды ұсынамын. Өзім биыл мектеп оқушыларына арнап рухани құндылықтар мен қазақилықты арттыратын жазғы ла­герь ұйымдастырып, 1 000-ға жуық балаға жылқыны еркін тізгіндеуді үйреттім. Жо­ғарыдағы ұсынысымның жалғасы ретінде жасөспірімдер арасында ұлттық құнды­лық­тарға негізделген жазғы лагерь жоба­сын «AMANAT» партиясы қолдаса деген ниетім бар. Бұл ата-баба дәстүрін жетілдіру­дің жүйелі жалғасы боларына сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ең маңызды мәселе – ауылдағы жастарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету» деген болатын. Осы орайда екінші ұсынысым, ауыл жастары­ның әлеуетін көтеру жолында күш бірік­тіру. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта жастардың басым бөлігі болашағын мего­полистермен байланыстырады. Дегенмен ауылда тұратын жастар да аз емес. Сол се­бепті жастарға жаңа мүмкіндік сыйлайтын бағдарламалар қолжетімді болуға тиіс. Қазір ауылдан шыққан кәсіпкерлер, ше­неунік­тер, зиялы қауым өкілдері мен өзге де жетістікке жеткен азаматтар бар. Сондай азаматтар үшін жастар қанаты менторлар мектебін қолға алды. Мен жасақталып жатқан менторлық мектептің алғашқы құра­мына енуге дайынмын. Ментор болу – бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл жас­тарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған жеріңе, сол жердің рухты жастарына қамқорлық көр­сетуден басталады. Жаңа Қазақстанның қуатын арттыра­тын, жаңа реформалар дәуірін өз қолымен жасайтын рухты жастарымыз көп болсын!

Серіктес жаңалықтары