Әнуар ИСКАРИН: Жастардың сұранысы – жаңашылдық

Әнуар ИСКАРИН: Жастардың сұранысы – жаңашылдық

Әнуар ИСКАРИН: Жастардың сұранысы – жаңашылдық
ашық дереккөзі
756
– Жастар қанаты атауының «Жастар ру­хы» деп өзгеруінің тарихи маңызы бар. Рух – астары терең мағыналы сөз. Атауының жас­тарға бағытталуы бізге ерекше әсер етті. Бала жүрек батыр келеді дейді. Негізі батыл қадам­ға баратын жастар ғой. Елдің ертеңгі бола­шағын ілгері, батыл қадам жасайтын жас­тар жалғастырады. Сондықтан да жастар­дың рухы асқақ болсын, елім, жерім деп соғып тұратын жүрегі таза болсын деген ниет­тен туындаған болар. Жастар қанаты – бұған дейін еліміздегі 5 мыңнан астам жастың басын қосқан, бір­неше бағытта жұмыс істеп, жастардың мәсе­лесін көтеріп жатқан ірі ұйым. Енді ары қарай осы күнге дейін атқарған жұмысымыздың ауқы­мы одан ары кеңейеді, жауапкершілігіміз ар­тады. Жалпы, іс-шара барысында түрлі мотива­циялық тренингтер, кездесулер өтті. Съездің форматы да ерекше. Еркін, қатып қалған қа­ғида жоқ. Дайын спикерлер, жаттанды сөз­дер емес. Кім сөйлейді, кім өз идеясын айтады, шектеу жоқ. Бұл – жаңашылдыққа ұмтылудың белгісі. Өйткені қазіргі жастардың талабы мен сұранысы – осы. Еліміздің түкпір-түк­пірінен жиналған жастар үлкен әсер алып жатыр. Осыған дейін өзіміз атына қанық бол­ғанмен, жүзбе-жүз кездеспеген тұлғалар­дың әңгімесін тыңдадық. Белсенді жастар түрлі жобаларын ұсынып жатыр. Өзім тренингтерге қатысып, нақты іске асыратындай шешім қабылдап қойдым. Ақтөбе қаласындағы орталық саябақта жас кәсіпкерлердің жәрмеңкесін өткізуді қолға алмақпын. Бұған дейін мұндай іс-шара ұйым­дастырылмаған. Жалпы, қоғамдық жұмыстарда, ел өмірін­дегі маңызды іс-шараларға қатысатын жастар саны артып келеді. Жас толқынның білімін, идеясын, ерік-жігерін Жаңа Қазақстан идея­сын дамытуға жұмсайтын кез келді.

Серіктес жаңалықтары