Самал СМАХАНОВА: Форум керемет көңіл күй сыйлады

Самал СМАХАНОВА: Форум керемет көңіл күй сыйлады

Самал СМАХАНОВА: Форум керемет көңіл күй сыйлады
ашық дереккөзі
– Жастар қанаты шешімін таппаған мәсе­лелердің едәуір көлемін жинақтаған қоғам­ның негізгі бөлігі болып табылатын жастар­мен тікелей жұмыс істейді. «AMANAT» пар­тия­сы жастар қанаты сынға ашықтығын, өз­геруге дайын екенін көрсетіп, барлық мүд­делі тараптармен ынтымақтаса отырып, трансформациядан өтетінін көрсетті. «Жастар Рухы» – біріншіден, жас ұрпақ­тың әлеуетін топтастырып, оны ел дамуының игілігіне бағыттайтын институт. Екіншіден, жас­тардың мәселесін жоғары деңгейге кө­теріп, олардың шешімін іздейтін жас буын­ның әлеуметтік-экономикалық және саяси әл-ауқатының барометрі болуға тиіс. Жаңа Қазақстанның құрылуымен жастар қана­ты да жаңа атауға ие болып отыр. Мен үшін бұл ұйымның орны ерекше. Өйткені мен өз жолымды Жастар қанатынан баста­дым және бұл ұйым әкімшілік пен жастар арасындағы диалог алаңы, алтын көпір деп ой­лаймын. Көздері үміт пен нұрға толы, елдігімізді көркейтетін, ойлары мол белсенді де қызық жастардың көп екеніне ерекше көз жеткіздім және өз замандастарыммен мақтанатынымды түсіндім. Жастар мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Меніңше, ең алдымен, білім беру мәселесін шешу керек. Барлық бастама білім беруден басталады және бұл саладағы кемшіліктерді жоятын мезгіл жетті. Мен өзім мүмкіндігі шектеулі жан ретінде ерекше адамдармен қарапайым адамдардың арасындағы көпірді жою шаралары болса деп армандаймын. Өзім ерекше адамдар сана­тында болсам да осы форумда барлығымен ешқандай шектеуді сезінбей бірге жүрмін. Сол үшін де осы форум маған керемет көңіл күй, әдемі әсер сыйлады.