Ливиядан жеткен жаңалық мұнай бағасына кері әсер етті

Ливиядан жеткен жаңалық мұнай бағасына кері әсер етті

Ливиядан жеткен жаңалық мұнай бағасына кері әсер етті
ашық дереккөзі
204
Ливияның ең ірі кен орындарының бірі Шарарада жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстары мұнай бағасын арзандатып жіберді, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Нәтижесінде бүгін Астана уақытымен сағат 09:00 шамасында Брент маркалы қара алтын құны барреліне 54,65 долларға саудаланды. Ал кеше кешкі сессияда мұнай бағасы 55,60 долларға дейін жеткен еді. Оған қоса 21 желтоқсан күні АҚШ мұнай қоры туралы мәлімет жаңартылып, елдегі шикізат қоры күрт көтерілгені айтылды. Осы фактордың да қара алтынның арзандауына алғышарт болғанын алға тартады мамандар. Кеше Ливия мұнай корпорациясы (NOC) елдің ең ірі екі кен орны Шарара мен әл-Филге тартылған мұнай құбырларының жұмыс істемей тұрғанын хабарлаған болатын. Желтоқсанның ортасында осы кен орындарына тартылған құбырларды жауып тастаған Petroleum Facilities Guard тобы билікпен келісімге келіп, құбырды қайта ашуға келіскен. Шарараны игеріп жатқан компаниялардың қатарында NOC-тан басқа Statoil, Total және Repsol компаниялары бар. Ал әл-Фил кен орны жартылай Eni компаниясына тиесілі. Сарапшылардың айтуынша, Ливия мұнай өндірісі алдағы үш айда тәулігіне 270 мың баррельге көбеюі ықтимал. Бүгінде Ливия тәулігіне 600 мың баррель өндіруде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 900 мың баррельге көбейтіп, 2017 жылы тәулігіне 1,1 млн баррельге жеткізуді көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары