Елордада Мәңгілік Ел даңғылы жол жөндеу жұмыстарына жабылды

Елордада Мәңгілік Ел даңғылы жол жөндеу жұмыстарына жабылды

Елордада Мәңгілік Ел даңғылы жол жөндеу жұмыстарына жабылды
ашық дереккөзі
Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды деп хабарлады turkystan.kz. Жол жөндеу жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жүргізіледі. Осыған байланысты, 13-25 шілде аралығында Достық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен тоқтатылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.