Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді (ВИДЕО)

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді (ВИДЕО)

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz.   Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге жүз шақты адам жұмылдырылған.

«Оқиға 11 шілдеде, сағат 14:52-де Атырау қаласындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен түтін шыққаны жөнінде хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 8 пәтерлі (1 пәтер пайдаланусыз тұрған) екі қабатты үйдің екінші қабаты мен төбе жабындысының толықтай жанып жатқаны анықталды», - деді ТЖД департаменті.

Өрт кезінде 21 адам, оның ішінде 13 бала өздігінен далаға шыққан. Белгілі болғандай, тоқтың қысқаша тұйықталуынан шыққан өрттен тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кеткен.

«Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 65 қызметкер, 12 бірлік техника; ПД (20 қызметкер, 9 бірлік техника), ҚР ТЖМ АМО (3 қызметкер, 1 бірлік техника), «Семсер Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника); «Ақберен» АҚ (2 қызметкер, 1 бірлік техника); Солтүстік Каспий мұнай төгілімдеріне ден қою экологиялық базасы (4 қызметкер, 1 бірлік техника), жалпы есеппен 97 адам, 25 бірлік техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.