Долана сұйықтығынан 61 адам көз жұмды

Долана сұйықтығынан 61 адам көз жұмды

Долана сұйықтығынан 61 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
225
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Ресей Федерациясының бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, РФ Иркутск облысы тұрғындарының жаппай улануының тіркелу фактілері туралы хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, жаппай улану ағымдағы жылғы 17-18 желтоқсанда құрамында метил спирті (метанол) бар «Долана» сұйықтығын тұтынудан кейін орын алған.
Иркутск облысында жоғарыда аталған сұйықтықты тұтынудан кейін қайтыс болғандар саны 61 адамға жеткен. Комитет Ресейде болған жағдайға алаңдаулы және Қазақстан Республикасының тұрғындарын әртүрлі алкоголь өнімдері мен жоғарыда көрсетілген «Долана» сұйықтығын сатып алу кезінде мұқият және абай болуға шақырады. «Құрметті кәсіпкерлер! Аталған сұйықтық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді және сатылымға жіберілмеуі тиіс. Белгіленбеген сауда орындарынан сатып алынған және растайтын құжаттары жоқ алкоголь сусындары қолдан жасалған болуы және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін» делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары