Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында шығармашылықпен рухтанған, Алтай әуендерін әуелеткен өнерпаздардың басы қосылатын Balkaragai Tunes халықаралық музыкалық фестивалі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Алтайдың оңтүстігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар аймақ көркем табиғитымен көпке әйгілі. Оның үстіне, Катонқарағай – түрлі діндер мен нанымдардың, өткеніміз бен бүгініміздің, әртүрлі этностар мен дәстүрлердің үйлесімділігін сақтап қалған мекен.
«Фестиваль жұлдыздары ODUCHU (Тува), еліміздің танымал этномузыканты Еділ Хусайынов және модерн-этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды», - делінген хабарламада.Кеш барысында түркі әлемінің ғасырлық музыкалық және поэтикалық дәстүрлері, үздік туындылары орындалды.