50269
Екі оқ атылған: Жапонияның бұрынғы премьеріне қастандық жасалды
Екі оқ атылған: Жапонияның бұрынғы премьеріне қастандық жасалды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі, танымал саясаткер Синдзо Абэге қастандық жасалды. Бетін тұмшалаған біреулер келіп бытыралы мылтықпен (дробовик) оқ жаудырған көрінеді деп хабарлады turkystan.kz Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.
NHK басылымы тілшілерінің айтуынша, екі оқ атылған. Қазір Абэ ауруханада жатыр. Жағдайы белгісіз.
Бірақ, оқ тиген кезде, сұлап түскен. Қатты қан кеткен көрінеді. Естен танып қалған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, экс-премьер-министр сұлқ құлап, жүрегі тоқтап қалған адамдай қимылсыз жатқан.
Қастандық жасағандар ұсталды.
Абэ сол күні темір жол вокзалында сайлауалды сөзін сөйлеп, сыртқа шыққан. Қастандық сол жерде жасалды.
Айта кетейік, Абэ премьер-министр қызметіне 2006 жылы сайланған. Жапонияда бұл нағыз жаңалық болды. Өйткені Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сайланған басшылардың арасында ең жасы осы Абэ болатын. 52 жасында үкімет басқарды. Әрі Жапония үкіметінің басында ең көп отырған адам ретінде тарихта қалды.
2020 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты қызметтен кеткен.