Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.         Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина 18-орындағы румын қызы Симона Халеппен кездесті. 37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Бұл гейма барысында қазақстандық теннисші бір брейк істеді. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.