Головкин – «Канело» трилогиясының басталатын уақыты белгілі болды

Головкин – «Канело» трилогиясының басталатын уақыты белгілі болды

Головкин – «Канело» трилогиясының басталатын уақыты белгілі болды
ашық дереккөзі
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады деп хабарлады turkystan.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап. WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі. Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ.  Бұған дейін Головкиннің барлық жекпе-жегі Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетіліп келді. Айта кетсек, бұл – қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.