Астана халқының саны 24 жылда 4 есе өсті – Ұлттық статистика агенттігі

Астана халқының саны 24 жылда 4 есе өсті – Ұлттық статистика агенттігі

Астана халқының саны 24 жылда 4 есе өсті – Ұлттық статистика агенттігі
ашық дереккөзі
1998 жылы ел астанасы атанған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған. Содан бері бас қаладағы тұрғындар саны төрт есеге жуық өсіп, 1 262 мың адамға жетті. Бұл туралы мәліметті Ұлттық статистика агенттігі жариялады деп хабарлады turkystan.kz.         Астанада 24 жыл бұрынғыдай әйелдердің саны басым. Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%). 1998 жылы елордада 3 400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған, осылайша туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) дейін өсті. 1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеген, 24 жылдан кейін олардың саны 147 бірлікке дейін артты.