Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде Айт намазы оқылады. Бұл туралы қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов онлайн брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz. 9 шілде күні қала мешіттерінде Айт намазы оқылады. Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Мал сою үшін мына орындар белгіленді: Байқоңыр ауданы бойынша: «Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының арт жағы);
- «Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арт жағы);
- «Шопан ата» базары, («Рубиком» және Әмір базарының ортасы);
- «Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат.
- «Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;
- «Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а.
- «Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).