Алакөл тұрғыны: «Басқа демалыс орындары тегін көмек көрсетіп жатыр»

Алакөл тұрғыны: «Басқа демалыс орындары тегін көмек көрсетіп жатыр»

Алакөл тұрғыны: «Басқа демалыс орындары тегін көмек көрсетіп жатыр»
ашық дереккөзі
50547
Алакөлде болған өрттен 7 адам зардап шекті. Алайда өрттің неден шыққаны туралы нақты әлі ақпарат берілмеді. Turkystan.kz тілшісі Алакөлдегі «Дархан Люкс» демалыс орнының иесімен сөйлесіп, оқыс оқиға туралы және өрттің неден шыққанын сұрады. 
«Түнгі 11-ге қарай бәрі «өрт, өрт» деп шулап кетті. Біздің аумақ тыныш. Төтенше жағдай бізге қарама-қарсы орналасқан «Керуен» демалыс орнында болды. Өрт сөндірушілерден бұрын жергілікті халық, ауыл адамдары көмекке келді», – дейді Жамал ханым.
Куәгер Алакөлдегі демалыс орындарының қазіргі жағдайы туралы да баяндап берді. 
«Тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Тек әр жерде өртке оранған үйінділер мен күлге айналған заттар жатыр. Аталған демалыс орнындағы демалушыларды басқа демалыс орындары тегін қабылдап, оларға көмек көрсетті. Қазір демалуға келген адамдар үшін көл емес, өмір маңызды болып тұр», – деді «Дархан Люкс» демалыс орнының иесі.
Өз кезегінде сұхбаттасушы өрттің нақты неден шыққанын айта алмады. Бірақ ол аталған аумақта қорқор шегіліп, оның шоғы пердеге түскен болуы мүмкін деген болжам жасады.

Серіктес жаңалықтары