Алакөлдегі өрттен 7 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Алакөлдегі өрттен 7 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Алакөлдегі өрттен 7 адам зардап шекті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50265

Алакөлдегі демалыс базасында болған өрт 5 сағат бойы сөндіріліп, оқиға орнында 7 адам зардап шекті. Бұл туралы Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Алакөл жағасындағы демалыс базасында алдын ала есептелгендей 3 мың шаршы метр аумақ өртенген. 4 демалыс орны бүлінді. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге өрт жылдам тарады. Оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. 5 сағат 40 минутқа созылған алапат өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен 7 адам медициналық көмекке жүгінген. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартқан», - делінген баспасөз хабарламасында.

Өрттің неден шыққаны анықталуда. Оқиға орнында оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, оқиға 5 шілдеге қараған түні сағат 23:20 шамасында болған. 

Серіктес жаңалықтары