319
Дәурен Абаев 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердегі іркілістің себебін айтты
Дәурен Абаев 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердегі іркілістің себебін айтты
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 16 желтоқсан күні әлеуметтік желілердегі іркіліске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы күні Facebook, Instagram, YouTube видео-хостингі мүлде қосылмай қалған болатын. Мұны көпшілік Мұхтар Әбләзовтың сұхбатымен байланыстырған еді. Осы орайла министр іркілістің нақты себебін айтты.
«Жоқ, бұл Мұхтар Әбілязовтің сұхбатымен байланысты емес. Бұл телекоммуникациялық желілердегі техникалық іркіліс. Мұндай жайт оқтын-оқтын орын алып тұрады. Дегенмен, менің түсінуімше, бұл 16 желтоқсанға дәл келуіне байланысты белгілі бір деңгейде резонанс тудырды», - деді министр.
Естеріңізге сала кетсек, 16 желтоқсан күні бірқатар әлеуметтік желі, оның ішінде Facebook, Instagram, YouTube видео-хостингі, сонымен қатар Google іздеу жүйесі жұмысында іркілістер болған еді. Осыған орай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі әлеуметтік желілер мен іздеу жүйесіндегі мұндай іркілістің техникалық себептерге байланысты орын алғандығын хабарлаған-ды.