277
Ұлттық банк төрағасы 2017 жылғы инфляцияға болжам жасады
Ұлттық банк төрағасы 2017 жылғы инфляцияға болжам жасады
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев келесі жылғы инфляцияға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алдағы 2 айда инфляция белгіленген 6-8% дәлізге жетіп, 2017 жыл бойы дәліз ішінде болады», - деді Д.Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, Қазақстанның экономикасы айырбастау бағамының жаңа талаптарына бейімделген. «Жылдық инфляция бір таңбалы мәнге дейін төмендеді. Соған сәйкес 2016 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша инфляция 1,2%, ал жыл басынан - 7,5% деңгейінде қалыптасты»,-деді Д.Ақышев.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысынла Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылу қорытындысы баяндалды.