232
Apple үстел компьютерлерінен бас тартпайды
Apple үстел компьютерлерінен бас тартпайды
Соңғы кезде Apple компьютерлері жаңартылмай кеткендігіне байланысты (қара цилиндр түріндегі MacPro 2013 жылы шыққан) көпшілік компания үшін iPhone басты табысқа айналып, өзгеге көңіл бөлмей отыр деген пікірге келді. Дегенмен, Apple басшысы Тим Кук компьютер шығарудан бас тарпайтындығын жеткізді, - деп жазады Hitech.vesti.ru басылымы.
"Кейбір БАҚ бізді десктоп шығаруды жалғастырмауымыз мүмкін деген мәселені көтерді. Егер біздің командадан да біреулер бұл жайтқа күмәнмен қараса, мен анығын айтайын: біздің жоспарымызда тамаша дербес компьютерлер бар. Бұған ешкім алаңдамасын", - деп жазыпты Кук қызметкерлерге арналған форумда.
Жұмыс деңгейінің жоғарлығына, экран көлемі, жады мен жинақтаушы көлемі және бірқатар сымды интерфейстерге байланысты десктоп компьютерлер "адамдар үшін өте маңызды" екенін айта кетті компания басшысы.
Бірақ Тим Куктың сөзінен компанияның нақты қай компьютер түрін (iMac, Mac Pro немесе Mac mini) жақсартпағы түсініксіз қалып отыр.