Сыртқы істер министрлігі 2,8 млрд теңгені игермеген

Сыртқы істер министрлігі 2,8 млрд теңгені игермеген

Сыртқы істер министрлігі 2,8 млрд теңгені игермеген
ашық дереккөзі
266
Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қандай мемлекеттік органдардың бюджет қаржысын игере алмай отырғанын жария етті. Бар қаржыны тиісті орнына бағыттай алмай отырғандардың арасында Сыртқыс істер, Денсаулық сақтау және Білім министрліктері бар, деп хабарлайды BNews.kz.
Қаржы бөлінген салалар жыл соңына таяғанда игерудің мүмкін емесін айтып ақталыпты. «Әкімшілер /министрліктер/ 129 млрд.теңгенің орындалуының мүмкін емесі туралы мәлімдеді. Бұл ретте атқарылмаудың жалпы сомасының 90%-нан астамы Үкіметтің пайдаланылмайтын резервіне (90 млрд. теңге) және бюджеттік заңнама бойынша игерілмеген үнемдерге (32 млрд. теңге) тиесілі. 7,5 млрд. теңге игерілмеген. Бұл шамамен өткен жылдың деңгейінде (7,8 млрд. теңге) болып отыр», – дейді қаржы министрі. Оның айтуынша, Астана саммитінің өткізілмеуі, Өзбекстанда елшілік ғимараты құрлысының қымбаттауына байланысты ең көп қаржыны Сыртқы істер министрлігі игере алмаған. «Игерілмеген қаржының дені Сыртқы істер министрлігіне тиесілі – 2,8 млрд.теңге (Астана саммитінің өткізілмеуі, Өзбекстанда елшілік ғимараты құрлысының қымбаттауы). Ішкі істер министрлігі – 1 млрд. теңге құрылыс жұмыстарының уақтылы орындалмауынан игере алмай отыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – 1,2 млрд. теңге, Еңбек шарттары жобасы бойынша конкурстық жұмыстардың өткізілмеуіне және науқастардың емделу курсының аяқталмауына байланысты. Білім және ғылым министрлігі – 0,6 млрд.теңге жатақхана құрлысы бойынша жұмыстардың аяқталмауына, конкурстық құжаттаманы Дүниежүзілік банкпен ұзақ келісуге байланысты болып отыр», – дейді Бақыт Сұлтанов. Жалпы, 2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде қосымша бөлінген қаражатттан тағы да 2,3 млрд. теңге көлемінде қаржы игерілмеуі мүмкін деген күдік бар.

Серіктес жаңалықтары