Қаратал өзеніне белгісіз зат төгіліп, су ерекше түске боялды деп хабарлады turkystan.kz. Алматы облысы бойынша Экология департаменті боялған суды Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым жерде Қаратал өзенінің жағасынан анықтады. Экологтар полиция, прокуратура, әкімдік, азаматтық қорғау қызметкерлерімен бірге азамат А.Лучкиннің өтінішінен кейін оқиға орнына барды.
«Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Қаратал өзенінің жағасынан және белгісіз майға ұқсас заттың төгінділері орнынан химиялық талдау жүргізу үшін су сынамаларын алды», – деп хабарлады Экология департаменті.Кінәлі тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.