«Шеврон» компаниясы инвестициялар қорын таныстырды

«Шеврон» компаниясы инвестициялар қорын таныстырды

«Шеврон» компаниясы инвестициялар қорын таныстырды
ашық дереккөзі
50314
Елордада Astana Finance Days 2022 қаржылық конференциясы өтті. Аталған іс-шарада  Қазақстандағы «Шеврон Мұнайгаз Инк» тікелей портфельдік инвестицияларды іске асыру мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) құрылған Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы таныстырылды деп хабарлады turkystan.kz   Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы өз қызметін 2021 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Шеврон» компаниясы арасында 248,5 млн АҚШ доллары сомасында инвестиция құю қорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырады.  width= Құрылған компанияның миссиясы – ақпараттық және цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ саласына тауар өндіру және қызмет көрсету сияқты түрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасына қолдау көрсету.
«Компания жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпорындарды дамыту, тәжірибе мен технологияны алмасу арқылы жергілікті қамтуға инвестиция құюды жоспарлап отыр. «Біз «Шеврон» компаниясының тәжірибесі мен сараптамасы қазақстандық кәсіпкерлер әлеуетінің өсуіне және тартымды бизнес-жобалардың дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз», – деді Қазақстан Республикасы энергетика министрі Болат Ақшолақов.
«Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің Қаржы жөніндегі бас менеджері Дэймон Торнбергтің айтуынша, компания Қазақстанның стартегиялық жоспарларына және «Шевронның» коммерциялық және техникалық талаптарына сәйкестігі сияқты негізгі көрсеткіштерге сай келетін тартымды жобаларды инвестиция құю үшін қарастырып жатыр.  width= Былтыр желтоқсан айынан бастап компанияның инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтініштерді қабылдайтын www.cdif.kz сайты жұмысын бастады. «Шеврон» – дүниежүзіндегі ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Оның қолжетімді, сенімді және таза энергияның гүлденген және тұрақты әлемді құруда маңызы зор. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, көлік жанар-жағар майын, мұнай-химиялық өнімдерді өндіреді. Компания қызметіндегі көміртекті азайтуға ерекше назар аударады және бизнесін қалыпты бағытта дамытумен қатар көміртек шығарындылары төмен бизнесті дамытуға септігін тигізеді. «Шеврон» компаниясы туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады. Chevron Direct Investment Fund Ltd. ол өз бизнесін жүргізетін басқа елдердегідей «Шеврон» компаниясы ресурстарды игеру, мыңдаған жұмыс орындарын ашу, жергілікті тауарлар мен қызметтерді пайдалану және қазақстандық жұмыскерлердің әлеуетін дамыту арқылы Қазақстан экономикасына да үлесін қосады. Chevron Direct Investment Fund АХҚО-да құрылған жеке компания. Бұл компания туралы толығырақ ақпаратты www.cdif.kz сайтынан білуге болады. Chevron Direct Investment Fund жеке компаниясы Ұжымдық инвестиция құю қоры емес. Бұл АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің қандай-да бір қаржылық қызметті атқару бойынша тиісті лицензияға да ие емес. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң жасау.

Серіктес жаңалықтары