50326
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты фронтал бөліктер әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақ болады. Осылайша, бұлттар саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте құмды дауыл күтіледі», - делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы болжамы:
батыста + 25+35 градус,
солтүстікте +25+33 градус,
орталықта +30+37 градус,
шығыста +27+37 градус,
оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45 градус.