50267
Алматыда нөсер жауыннан көшелерді су басты (ВИДЕО)
Алматыда нөсер жауыннан көшелерді су басты (ВИДЕО)
Алматыда түстен кейін күн күркіреп, нөсер жауын жауды деп хабарлады turkystan.kz.
Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырды.
Кеше Төтенше жағдайлар департаменті 24 маусым күні қалада нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейтінін ескерткен болатын.
«Маусым айының соңында түнде ауа температурасының ауытқуы күтіледі. Түнде +15, күндіз +38°С дейін. Ал, шілденің бірінші онкүндігінде түнде ауа температурасы көтеріледі. Түнде +11-ден +25°С-қа дейін, күндіз +31-ден +42°С-қа дейін ыстық болады», – деп хабарлады Қазгидромет өкілдері.Шілдеде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады деп күтілуде, ай ішінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 20 м/с жетеді.