50324
АҚШ азаматтарына қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
АҚШ азаматтарына қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Американың Жоғарғы соты Нью-Йоркте қоғамдық орында атыс қаруын алып жүруді шектейтін заңның күшін жойды деп хабарлады turkystan.kz.
Сот шешімінің мәліметінше, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Бостон сияқты ірі қалаларда заңды түрде қару алып жүруге мүмкіндік берді.
Бұл – АҚШ Жоғарғы сотының он жылдан астам уақыт ішінде қару-жарақ туралы қабылдаған алғашқы ірі шешімі. Ол жақында болған жаппай атыстардан кейін қабылданып отыр.
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бұл шешімнен туындайтын қауіпті азайту үшін жұмыс істейтінін және шаһардың «Жабайы Батысқа» айналуына жол бермейтінін айтты.