28 жастағы Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түскен. Жеке тінту барысында күртешенің қалтасынан ұнтақ тәрізді заты бар 126 түйір табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат аса ірі мөлшерде, салмағы 66 грамм а-РVР (скорость) психотроптық зат болып шықты. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Екібастұз қаласы ПБ УҰИ-на қамалды. Айта кетсек, ұсталған азамат бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Жүктелуде...