Ақтөбедегі аттракционнан өрт шықты (ВИДЕО)

Ақтөбедегі аттракционнан өрт шықты (ВИДЕО)

Ақтөбедегі аттракционнан өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі аттракцион түтіндеп, өртенгені туралы видео тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Пушкин атындағы қалалық саябақта түсірілгені анықталды. Автор «Түймедақ» аттракционның бір бөлігі түтіндеп жатқанын байқап, видеоға түсіріп алған.

«Түтіндеп жатыр, бір жағында біз отырмыз. Міне, жағдай осындай. (...) 500 теңге бересің, оған қоса «жанасың». Болып тұрады, «Түймедақ» шаршаған шығар», - делінген видеода.

Кадрлардан өрт шыққан кезде аттракциондағы адамдардың ешқайсы дүрбелең туғызбағаны, кейін әткеншек тоқтағанын көруге болады. Зардап шеккендер жоқ.